Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығында жоспар бойынша өртке қарсы оқу-жаттығулар өткізілді. Өрт дабылы сигналынан кейін мекеменің барлық қызметкерлері мен қызмет алушылары өрт сөндіру бөлімшелерінің көмегімен ғимараттан толығымен эвакуацияланды. Бұл оқу-жаттығудың мақсаты өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрт туындаған жағдайда орталық қызметкерлерінің іс-қимылын пысықтау болды.

22

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның ережесіне сәйкес жыл сайын "зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн"акциясы өткізіледі.Осыған байланысты Нұр-сұлтан қаласы Есіл ауданының ІІД  қызметкерлері мен "Үміт" дағдарыс орталығының әлеуметтік қызметкерлері әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бойынша ақпараттық және ағартушылық қызмет ұйымдастырды.

21

2020 жылғы 13 қарашада  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның «зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы қарсаңында өткен жұмыс кеңесіне "Үміт" дағдарыс орталығының  заңгері Дәулет Ғалымжанұлы да қатысты.

26

2020 жылдың 23-қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің мерекесіне орай концерттік бағдарламасы өтті.

40

2020 жылдың 28-тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі "Үміт" дағдарыс орталығының тәрбиешісі Есембаева Кәукер Тілепбергенқызы "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалімен наградталды.

31