Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

2019 жылдың 29-қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің "Үміт" Дағдарыс орталығында стилист имиджмейкер Наурызова Калиманың шақыртылуымен  "Сұлулық-әлемді құтқарады" атты мастер-класс өтті. Іс-шараның мақсаты: дағдарыс орталығының қызмет алушыларының өзін-өзі бағалауын арттыру, өз-өзіне деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру. Іс-шара барысында қызмет алушылар арасында шағын-тренинг өткізілді. 

150

«Үміт» дағдарыс орталығында әр жексенбі сайын Йога жаттығулары өтеді. Бұл қызмет алушыларға күйзелістен, шаршаудан арылу үшін таптырмас мүмкіндік. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру болады. Йоганың денені жетілдіруде ғана емес, рухани дамуында да пайдасы бар. Бұл оның адам ағзасына әсер етуінің көпжылдық зерттеулері растайды.

133

2019 жылдың 25-қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің  Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыка ансамбілі және халық әні бөлімінің әншілері «Үміт» дағдарыс орталығында өнер көрсетті. Қазақ ұлттық аспаптары-бұл тек тарихи мұра ғана емес, халықтың рухани даму деңгейінің көрсеткіші, оның рухани байлығы, эстетикалық талғамы.

160

2019 жылдың 24 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің Үміт дағдарыс орталығында «Шынықсаң шымыр боласың» атты балалар арасында спартакиада өтті.  Бәрімізге белгілі спорт-денсаулық кепілі. Спортпен айналысқан сайын адам  төзімді,мықты, жылдам бола түседі. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға спорттың маңызы зор. Спорттың қай түрін алыпқарасақ та, барлығы да денсаулыққа пайдалы.

142

2019 жылдың 23-қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің "Үміт" Дағдарыс орталығында "Өнер-өмір айнасы" қорының актерлері "Тапқыр тышқан"ертегісін қойды. Адамды ертегімен таныстыру оның өмірінің алғашқы жылдарынан басталады. Ертегі баланың ойын  дамытады, қиялдауға үйретеді. Ал баланың қиялдары – бала тұлғасының толыққанды дамуының маңызды шарты, оның жан саулығының кепілі.

159