Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

18.02.2019 жылы "Үміт" дағдарыс орталығының қызмет алушыларына психолог "ата-ананың балаға қарым-қатынасы"тақырыбында дәріс өткізді.

160

Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығына әр түрлі жастағы балалары бар әйелдер түседі. Орталықта қызмет алушылар 6 ай көлемінде тұрғандықтан, олардың маңызды мерекелері,салт жоралғылары бізде атап өтіледі. Бұл қызмет алушылардың жағдайын жақсартуға, күйзелістен арылуға ықпалдасады. Орталықта жиі өткізілетін  қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі тұсау кесер.

123

2019 жылы 7 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығында коучинг-кәсіби бағдар беруші Назгүл Төлегенованың қатысуымен "Әйел болу өнері; балаларды ана ретінде тәрбиелеу" тақырыбында тренинг өткізілді. Тренер әйелдерге  күш-қуатпен толысудың, кешірім жасау және реніштен босау техникасын үйретті.

134

2019 жылдың 6-ақпан күні «Үміт» дағдарыс орталығының психологы Жазира Құрбаналиқызы  балалармен көп кезеңді тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: жаңадан келген қызмет алушылардың орталыққа бейімделуіне көмектесу, ішкі эмоцияны шығару және онымен жұмыс жасау; әлеуметтік ортасына өз ойын жеткізе білу және жағымды атмосфера орнату. Тренингтің бірінші  кезеңі Танысудан басталды.

125

30.01.2019 жылы "Үміт" дағдарыс орталығының психологы Баян Файзуллақызы  қызметалушылардың өзін-өзі бағалауын, қабілеттерін анықтау мақсатында "Менің күшті жақтарым"тақырыбында тренинг өткізіді. Психолог тренингті жіптің түйнегін қолдану арқылы өткізді. Кіріспе бөлімінде қатысушылар жіп түйнектерін бір-біріне лақтыру арқылы, өздерінің жақсы жақтарын атады. Бұл қызметалушылардың өзін-өзі бағалауын  күшті және әлсіз жақтарын диагностикалауға мүмкіндік берді.

332