Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

2019 жылдың 20-наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында наурыз мерекесіне орай «Ұлыстың ұлы күні-Әз Наурыз» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік кешті Астана қаласы әкімдігінің филармониясы ашты.

144

2019 жылдың  6-наурыз күні "Үміт" Дағдарыс орталығында Халықаралық әйелдер күніне арналған "Ана-өмірдің шырағы" атты мерекелік концерт өтті. Орталық директоры әйелдер қауымын  Мерекемен құттықтады! Орталықтың қызметкерлері мен қызмет алушылары мерекелік ойын-сауық бағдарламасын дайындады.

154

2019 жылдың 27-ақпан күні Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Үміт» дағдарыс орталығының жұмысымен танысуға келді . ТЖ департаментінің қызметкерлері дағдарыс орталығының жұмыс ерекшеліктерімен, орталықтың қызмет алушыларының қабылдану ережелерімен және тұру шарттарымен танысты.

104

26-ақпан  2019 жылы «Үміт» дағдарыс орталығының тәрбиешісі Қаукер Төлепбергенқызы «Ана-өмір шуағы» атты тақырыбында балалармен тәрбие сағатын  өткізді. Мақсаты: балаларды "Халықаралық әйелдер күні" мерекесімен таныстыру.

169

2019 жылдың 21-ақпан  күні Астана қаласының сотында"Отбасылық сот"  пилоттық жобасын енгізу барысында "Балаға достық әділдік" атты тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Германия сарапшылары, Отбасылық істер жөніндегі судья Кристиан Рох және жастар ісі жөніндегі ведамство өкілі Керстин Бекманн өз тәжірибесімен бөлісті.

125