Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

2019 жылдың 18-мамыр күні Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығына Нью-Йорк қаласының БҰҰ Штаб-пәтерінің өкілдері ресми сапармен келді. Келудегі негізгі мақсаттары Қазақстандағы дағдарыс орталығының жұмысымен танысу.

104

2019 жылдың  17-сәуір күні "Ерекше Мерекелер" қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі ҚҚ "Будуар концепт стор" сұлулық студиясымен бірлесіп, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт "дағдарыс орталығы" КММ қызмет алушыларына визаж және шаштараз өнері бойынша жабық мастер класс өткізді. Шеберлік сыныбын елорданың жетекші стилистері мен визажистері Зубаржат Әлибаева мен Динара Ислямова, сондай-ақ hair стилист Айнұр Әмірханова жүргізді.

127

2019 жылдың 2-сәуір күні Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің  «Үміт» дағдарыс орталығында  Өрт қауіпсіздігі жайлы лекция өтті. Нұр-сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаметінің аға инженері Өміржан Дидар өрт қауіпсіздігі жайлы лекцияны өткізді. Лекция бірнеше кезеңнен тұрды:

171

2019 жылдың  2-сәуір күні Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" Дағдарыс орталығында "Өнер-өмір айнасы" қорының актерлері «Бұлбұл мен Әтеш» ертегісін қойды. Адамды ертегімен таныстыру оның өмірінің алғашқы жылдарынан басталады. Ертегі баланың ойын дамытады, қиялдауға үйретеді. Ал баланың қиялдары – бала тұлғасының толыққанды дамуының маңызды шарты, оның жан саулығының кепілі.

132

2018 жылдың 27-наурыз күні " Бақытты отбасы-бақытты ел!" акциясы аясында  Нұр-сұлтан  қаласының ДП полиция қызметкерлері  Нұр-сұлтан  қаласы әкімдігінің «Үміт» Дағдарыс орталығында болып, қызмет алушылармен дәріс өткізді.   Осы дәрістің негізгі мақсаты отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жұртшылықтың назарын аудару, зорлық-зомбылық құрбандарын ақтау бойынша қызмет көрсету, психологиялық, педагогикалық, құқықтық көмек көрсету болып табылады.

140