Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Шынықсаң шымыр боласың

2019 жылдың 24 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің Үміт дағдарыс орталығында «Шынықсаң шымыр боласың» атты балалар арасында спартакиада өтті.  Бәрімізге белгілі спорт-денсаулық кепілі. Спортпен айналысқан сайын адам  төзімді,мықты, жылдам бола түседі. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға спорттың маңызы зор. Спорттың қай түрін алыпқарасақ та, барлығы да денсаулыққа пайдалы.

Сол себепті орталықтың тәрбиешілері спорттық шараларды жиі өткізеді.Балаларға спорттық спартакиада топпен жұмыс жасауға, жылдамдыққа, ұқыптылыққа үйретуге көмектеседі.