Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 15-қыркүйек Аналар күні мерекесіне орай қызмет алушыларға «Әйел энергиясы» жайлы психолог, мотиватор Жанар Абадиқызының тренингі өтті.  Тренингта әйел энергиясының қалай дұрыс қолданылуы, табысты болу үшін әйелдің бойында қандай қасиеттер болуы қажет, бала тәрбиесінде энергияны қалай бөлу керек деген тақырыптар қозғалды.

75

Бүгін біздің орталығымызға чакролог (ғылыми-зерттеу үшін хрональды-векторлық диагностика оқытушысы), коучинг-психолог, психоэкология мектебінің ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Асель Копей @aselkopei семинар тренинг жүргізді семинарға орталығымыздың қызметалушылары қатысты. Семинар барысында өзін-өзі тануды және өзін-өзі дамытудың жолын көрсетіп, Менің өмірім - әйелдерге бақытты, саналы және табысты болуға көмектесу- деп қортындылады.

112

Ағымдағы жылдың 20 – шілде күні Орталығымызда Ана мен Бала атты "Көңілді старт","Асық ату", "Бұқа тартыс" және "Арқан тартыс  жарыстары өтті. Аталмыш жарысқа орталығымыздың қызметалушылары қатысты. Арнайы ұйымдастырылған эстафета тартысты өтті.  Бүлдіршіндер жақсы көңіл күймен жарысты аяқтап, ұйымдастырушылар тарапынан берілген бағалы сыйлықтармен марапатталды.

74

Ағымдағы жылдың 19- шілде күні орталығымызға Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр Отан» партиясының «Байқоңыр» аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ белсенділері «Ана жүрегі» атты концерттік бағадарламасымен қонаққа келді. Талатты жастар орталығымыздың қызметалушыларымен балаларын тамаша өнерлерімен таң қалдырып, қазақтың ұлттық аспаптарында өнер көрсетті.

78

Еліміздің бас қаласы- Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай, ағымдағы жылдың 4-ші шілде күні, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығының қызметалушыларына мерекелік концерт ұйымдастырылды.  Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы И.В Скуб және орталығымыздың директоры Г.И.Куканбеков өз құттықтау сөздерін білдіріп, іс-шараны ашып берді. Орталықтың кішкентай бүлдіршіндері мерекелік кешті, Елордаға арналған өлең жолдарынан бастап, «Елімнің жүрегі-Елорда» атты ән шырқады. Халықаралық «Шабыт» университетінің студенттеріне, сондай-ақ «Айлин»  триосына, аниматорларға, ұмытылмас көңіл-күй сыйлап, концертті жоғары деңгейде өткізгені үшін шынайы ілтипат пен зор алғысымызды білдіреміз. Нұр-Сұлтан– халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Елорданың озық архитектуралық жаңаруы барлық қазақстандықтарды жаңару жолына шақыруда үлгі көрсетуде. Оның өсіп-өркендеуі сөз жоқ, мемелекетіміздің абыройы. Нұр-Сұлтан қаласының  туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 

105