Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

Астана қаласының «Үміт» дағдарыс орталығының директоры Куканбеков Галихан Ихсанұлы «Тәуелсіздік күніне» орай қызметкерлерге алдағы уақытта  еліміздің ертеңі жолындағы жұмыстарына толағай табыстар мен жетістіктер тілеп, белсенді жұмыс атқарғандарға  Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов пен «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының» басшысы Оспанов Ермек Сабырбекұлы атынан алғыс хаттармен марапаттады.

82

2018 жылдың 6-7 желтоқсан  күндері Астана қаласында «Тиімді ынтымақтастық арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу:дағдарыс орталықтарын дамытудың жаңа кезеңі» атты халықаралық конферециясы өткізілді. Конференция жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, еліміздің барлық өңірлерінен ҚР ІІМ арнайы бөлімшелерінің қызметкерлері, дағдарыс орталықтарының басшылары, сондай-ақ АҚШ, Германия, Австрия, Румыния, Италия, Черногория елдерінің халықаралық сарапшылары қатысты.

150

Ағымдағы жылдың 3-желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы аясында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою халықаралық күніне арналған "Әрқашан күн болсын" іс-шарасы өткізілді.

116

  Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығының тәрбиешісі  Бурханова Роза Қабыкенқызы «Тұңғыш президент» күніне арналған қызмет алушыларға тәрбие сағатын өткізді. Бұл ашық сабақтың мақсаты қазақ халқының көшбасшысы, ҚР Тұңғыш Президенті туралы білімдерін кеңейту.

83

2018 жылдың 2-желтоқсан күні орталық психологы Базарбай Алтын «Агрессия» тақырыбында тренинг өткізді. Бұл тренингтің мақсаты: білім алушылардың мінез-құлқындағы агрессивті үрдістерді түзету.

84