Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

2018 жылдың 11 қаңтарында "Үміт" дағдарыс орталығының заңгері Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында "Отбасылық сот"пилоттық жобасын енгізу шеңберінде өткізілген жұмыс кеңесіне қатысты.  Сондай-ақ, кеңеске Астана қаласы  жергілікті полиция қызметі, Астана қаласының прокуратурасы және Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері  қатысты.

111

2018 жылдың 28 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында Жаңа жылдық шырша өтті.  Жаңажылдық мерекеге сай безендірілген алаңда Аяз ата, Ақшақар  мен жыл иелері барлық қатысушыларға ғажайып ертегідегідей сезім сыйлады. Сонымен қатар ертегі кейіпкерлері Микки-Маус, Пираттар, Перілер өнер көрсетті.

76

Астана қаласының Атамекен полатасының мүшелері және қоғам белсенділері 2018 жылдың 26 желтоқсан күні «Үміт» дағдарыс орталығының қызметалушыларына арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның барысы бойынша қызметалушылар Мамас-пицца орталығында өз қолдарымен пицца жасады. Кәсіби аспаздар қызметалушыларға пицца жасаудың қыр-сырын үйретті.

95

2018 жылдың 20 желтоқсан «Үміт» дағдарыс орталығында тұратын балалар Астана қаласының  Сарыарқа ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен Жаңа жылдық шыршаға барды. Балалар жаңа жылдық шырша мерекесінде ғажайып көріністін құпиясына қанықты. Дәстүрлі аяз ата мен ақшақарды көріп, өздерінің сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен кездесіп, би билеп,ән салды. Сонымен қоса балаларға сыйлықтар таратылды.

98

Астана қаласы әкімдігінің  «Үміт» дағдарыс орталығында 2018 жылдың  16 желтоқсан күні  Тәуелсіздік күніне орай «Көңілді старт» атты  спорттық эстафета өтті. Мерекелік іс-шара Астана қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мен «Мәдениет және спорт басқармаларының»  қолдауымен өткізілді.

151