Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

2019 жылдың 25-қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің  Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыка ансамбілі және халық әні бөлімінің әншілері «Үміт» дағдарыс орталығында өнер көрсетті. Қазақ ұлттық аспаптары-бұл тек тарихи мұра ғана емес, халықтың рухани даму деңгейінің көрсеткіші, оның рухани байлығы, эстетикалық талғамы.

124

2019 жылдың 24 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің Үміт дағдарыс орталығында «Шынықсаң шымыр боласың» атты балалар арасында спартакиада өтті.  Бәрімізге белгілі спорт-денсаулық кепілі. Спортпен айналысқан сайын адам  төзімді,мықты, жылдам бола түседі. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға спорттың маңызы зор. Спорттың қай түрін алыпқарасақ та, барлығы да денсаулыққа пайдалы.

103

2019 жылдың 23-қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің "Үміт" Дағдарыс орталығында "Өнер-өмір айнасы" қорының актерлері "Тапқыр тышқан"ертегісін қойды. Адамды ертегімен таныстыру оның өмірінің алғашқы жылдарынан басталады. Ертегі баланың ойын  дамытады, қиялдауға үйретеді. Ал баланың қиялдары – бала тұлғасының толыққанды дамуының маңызды шарты, оның жан саулығының кепілі.

106

2019 жылдың 23-қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығының психологы Жазира Құрбанәліқызы «Сана трансформациясы» атты тренинг өткізді. Тренингте негативті энергиядан арылуға көмектесетін жаттығулар болды. Психолог қызмет алушыларға өткенді босату, өкпе-реніштен арылу, өзіңді қабылдау, жақсы көру, даму үшін  сананы өзгерту керек екенін айтты.

235

Мотивациялық тренингтер бүгінгі таңда ең танымал және сұранысқа ие болып отыр.Өйткені адам қалаған мақсаттарға жету үшін ынталандыру қиын.Сондықтан үнемі түрлі психологиялық бағдарламалар әзірленеді, олардың көмегімен адам өзі үшін қанаттандыратын дүние екенін түсінеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан кейін мотивациялық тернингтің маңызы өте жоғары.

367