Сенім телефондары

+7 7172 49-78-89

Email: centr_07_2013@mail.ru

2018 жылдың 3 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығының қызмет алушылары Жастар театрының "ақыл патшалығы" атты спектакаліне барды. Орталық балалары эмоцияға толы көңіл-күймен қойылымның ұнаған сәттерін ұзақ талқылады. Балаларға осындай демалыс түрі өте ұнады,олардың театрға деген қызығушылығы артты.

54

2019 жылдың 31 мамыр күні Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерт өтті. Концерт Нұр-сұлтан қаласының Көлік және коммуникация колледжімен бірлесіп ұйымдастырылды. Көлік және коммуникация колледждің директоры, әрі мәслихат депутаты Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы балаларды арнайы құттықтап, сыйлықтар таратты. Тамаша көңіл күймен басталған мерекелік іс шара көңілді әндермен, билермен жалғасты. Балаларға жағымды эмоциялар сыйлау -бұл өте қайырымды әрі қызықты жұмыс. Мерекелік іс шараның негізгі мақсаты да осы. Концерт өз мақсатын орындап, балаларды үлкен қуанышқа бөледі.

81

Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің  «Үміт» дағдарыс орталығында 2019 жылдың  31-мамыр күні  Халықаралық балалар күніне орай «Көңілді старт» атты  спорттық эстафета өтті. Мерекелік іс-шара Нұр-сұлтан  қаласының  Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен өткізілді. Дағдарыс орталығында тұратын балалардан «Сұңқар» мен «Тұлпар»атты  екі команда кұралды.Командалар арасында көңілді, әрі тартысты ойын болды. Орталықта тұратын барлық балаларға сыйлықтар таратылды.

92

2019 жылдың 18-мамыр күні Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығына Нью-Йорк қаласының БҰҰ Штаб-пәтерінің өкілдері ресми сапармен келді. Келудегі негізгі мақсаттары Қазақстандағы дағдарыс орталығының жұмысымен танысу.

70

2019 жылдың  17-сәуір күні "Ерекше Мерекелер" қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі ҚҚ "Будуар концепт стор" сұлулық студиясымен бірлесіп, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт "дағдарыс орталығы" КММ қызмет алушыларына визаж және шаштараз өнері бойынша жабық мастер класс өткізді. Шеберлік сыныбын елорданың жетекші стилистері мен визажистері Зубаржат Әлибаева мен Динара Ислямова, сондай-ақ hair стилист Айнұр Әмірханова жүргізді.

85